Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы бір топ мүмкіндігі шектеулі жанды қабылдады

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1428
«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы бір топ мүмкіндігі шектеулі жанды қабылдады

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауы 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жанды қабылдады. Енді мұндай кездесулер әр сәрсенбіде өтеді деп жоспарланған. Айта кетері, шағым-арыздар мемлекеттік органдар, құқық қорғау, заңгерлер мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен қаралады. Мұндағы басты талап - мәселені шұғыл шешіп беруге негізделген.

Анықталғандай, келіп түскен 30-дай өтініштің қазір тек жартысы  қарастырылып жатыр. Мүгедектер көбіне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмекті үлестіру және жер телімін беру сынды мәселелерді көтерген. Солардың бірі - Гүлнәр Сыздықова. Ол оң аяғына қайысы бар протез әзірлеп беруді сұрап келді. Сатып алуға қалтасы көтермейтінін айтады. 

Гүлнәр Сыздықова, І-ші топтағы мүгедек:

Менің зейнетақым 45-50 мың теңге. Өзім 1-ші топтағы мүгедекпін. Бала-шағам, отбасым жоқ. Жалғызбастымын. Мәселемді шешіп берер деген үмітпен «Нұр Отанға» келдім.

Қабылдау барысында мұндай протездің Шығыс Қазақстан мен Павлодарда дайындалатыны анықталды. Мәселені шешуге қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттары да атсалыспақ.

Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Мәселе 90 пайызға шешілді деуге болады. Мен біздің кейбір партия мүшелерінен келісім алдым. Протезді сатып аламыз. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Болашақта мүгедектерге қатысты шағымдарды, біз, партиялықтар, шұғыл шешуге тырысамыз.