Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жыл соңына дейін елімізде 417 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуы тиіс

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1190
Жыл соңына дейін елімізде 417 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуы тиіс

Жыл соңына дейін елімізде 417 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұл жайында бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Нұр Отан» партиясының басқаруымен өткен жиын барысында айтылды. Отырыста билік партиясының сарапшылар тобы «Жұмыспен қамту 2020» жол қартасын жүзеге асыру шараларын пысықтады.

Комиссия құрамына мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтар федерациясының өкілдері тартылған. Жоба 2 үлкен бағыт бойынша жүгезе асуы тиіс. Сөйтіп, биыл бағдарлама аясында инфрақұрылым, микронесиелендіру, кәсіби оқыту сынды бағыттар бойынша бірқатар міндеттер атқарылмақ. Жиынға 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының да бөлімдері онлайн режимде қатысты. Сарапшылар тобының келесі бас қосуы қыркүйекке белгіленген.