Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жыл басынан бері Еуропаға бет алған үш мыңға жуық босқын жолда қаза тапқан

AstanaTV
23.09.2015ж. 10:00
1568
Жыл басынан бері Еуропаға бет алған үш мыңға жуық босқын жолда қаза тапқан

Жыл басынан бері Жерорта теңізінде қаза тапқан босқындардың саны 2 мың 870 адамға жетті. Бұл жайында ТАСС агенттігі, Халықаралық мигранттар ұйымына сілтеме жасап, хабарлайды. Мәселен, соңғы төрт күннің ішінде 58 босқын көз жұмған.

БҰҰ Балалар қоры жариялағандай, Еуропаға қоныс аударған келімсектердің төрттен бір бөлігін балалар құрайды. Алғашқы жеті айдың ішінде Еуроодаққа 133 мың бала пана сұрап, арызданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 80 пайызға көп. Қордың ақпаратынша, тек Хорватияға соңғы бір аптаның ішінде 10 мың бала мен әйел келген. Ал Македония кеден бекетінде 90 мың босқын тіркелді, оның үштен бір бөлігі әйелдер мен балалар.

ЮНИСЕФ өкілдерінің таратқан мәліметінде «қоныс аударған балғындардың дені бірнеше елді басып өтетін сапардан қатты шаршады» делінген. Көбіне демалыс, ойындар мен құнарлы тағам қажет. Өйткенібірнеше ай бойы балалар құрғақ, әрі жартылай консервіленген асты пайдаланыпты. БҰҰ босқындармен айналысатын басқармасының бас комиссарының айтуынша, Еуропадағы мигранттар ахуалы күннен күнге күрделеніп барады. СондықтанЕуроодақ басшыларының Брюссельдегі кездесуі - босқындар дағдарысын шешуге сәтті мүмкіндік.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық