$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

AstanaTV
23.09.2015ж. 13:00
977
Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Екі апта бойы әкімсіз қалған Қостанай қаласына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Базыл Жақыпов енді шаһарды басқаратын болды.

Еске сала кетейік, қаланың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов сот санкциясымен екі ай мерзімге үйқамаққа алынған еді. Экс-шенеунікке «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Ал оның қос орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, тұтқындалды. Жаңа әкім өзіне үлкен сенім артқан өңір басшысына рахметін білдіріп, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға күш салатынын айтты.

Заңғар САНАЙ

  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах