Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Сауд Арабиясының королі қажылықтың тәртіптерін қайта қарауға пәрмен берді

AstanaTV
25.09.2015ж. 10:00
925
Сауд Арабиясының королі қажылықтың тәртіптерін қайта қарауға пәрмен берді

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд, Қасиетті Мекке қаласына жасалатын қажылықтың ереже-тәртіптерін қайта қарау керектігі туралы пәрмен берді. Мұндай шешімге ол кешегі 717 адамның өмірін алып кеткен қайғылы оқиғадан кейін келген - деп жазады «Рейтерс». Король:мұсылмандық борышын орындаушылардың қаладағы қозғалыстарын жеңілдету мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын пысықтау керектігін баса айтты. Ал елдің Ішкі істер министрлігінің өкілі генерал Фейсал ат-Турки, Меккедегі қайғылы оқиғаның бірден-бір себебін аптап ыстықпен байланыстырды. Айтуынша, Минада тас атуға асыққан адамдар бір-бірін итерген, ал ауа-райының күрт ыстып кетуі құрбандар санының өсуіне алып келген. Айта кетейік, Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов, өзінің әлеуметтік жеке  парақшасында Меккеде қаза тапқандардың арасында отандастарымыз жоқ екенін жазды. Еске салсақ, кеше Меккедегі темір жол стансасында оқыс жағдай орын алып, 700-ден астам адам қаза тапты. Тағы 800-ге жуығы зардап шеккен. Оған қасиетті қаладан Мина алабына дейін қатынайтын пойыздың істен шығуы себеп болған. Қазір ел билігі арнайы комиссия құрып, оқиғаның себеп салдарын анықтау үстінде.

Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының королі:

Қажылыққа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің құзырымызда. Қазір тиесілі органдарға тапсырма беріп, тексеру жұмыстарын жүргізуді жүктедік. Оқиғаның себеп-салдары жақын уақытта белгілі болады деген ойдамын. Қажылықтың ереже-тәртіптерін қайта қарау керектігі туралы да бұйрық бердім.

Жұрағат БАМАН