Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Әлемдегі мұсылмандар саны 1,6 миллиард адамнан асты

AstanaTV
25.09.2015ж. 10:00
1414
Әлемдегі мұсылмандар саны 1,6 миллиард адамнан асты

Әлемдегі мұсылмандар саны 1,6 миллиард адамнан асты. Барлық мұсылман елдерімен қатар,  индонезиялықтар да  Айт намазын оқып, құрбандық шалды. Айта кетейік, Құрбан айт Ораза айтынан 70 күн өткенде басталып, үш күнге созылады. Шариғат бойынша,  сойылған малдың еті мұқтаж адамдар мен кембағал жандарға таратылады, екінші бөлігі қонақтар үшін жайылған дастарханға қойылады. Қалғаны өз отбасына, ағайын-туысқа беріледі. Бұл күні  қолын жайып, Алладан жақсы тілек тілегендердің дұғасы кері қайтарылмайды. Индонезиялықтар  елдегі құрғақшылықтың тоқтап, жауын-шашынның мол болуын Жаратушыдан тілеп отырған жайы бар. Себебі елдің Калимантан провинциясында бірнеше айға созылған құрғақшылықтан орман өрті өршіп тұр. Барлық аумаққа жайылған көк түтін  адамдардың еркін тыныс алуын қиындатқан.

Жұрағат БАМАН