$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Атырауда браконьерлер құқық қорғаушылардан қашпақ болды

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1136
Атырауда браконьерлер құқық қорғаушылардан қашпақ болды

Атырауда құқық қорғаушылардан қашпақ болған браконьерлер құрықталды. Олардың қайығын тінту барысында бағалы бекіре балығы тәркіленді. Оқиға кеше кешкісін Дамбы селосы маңында орын алды. Жайық өзенінде Каспий теңізі жақтан жүзіп келе жатқан қайықты көзі шалған полицейлер оны тоқтатпақ болады. Бұйрыққа бағынбай қашқан қайық жағаға соғылып барып тоқтаған. Су көлігі ішіндегі үшеудің екеуі қашып үлгереді. Қолға түскен адам - Атырау қаласының 34 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Қазір бұл іс бойынша «балық ресурстарын заңсыз аулау» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұл бекіре балығына заңсыз қол сұғу бойынша тіркелген алғашқы жағдай емес. «Бекіре - 2015» жедел алдын-алу шаралары басталған 10 қыркүйектен бері браконьерлерден 300 келіге жуық бағалы балық тәркіленді.

Бақтығали Аманиязов, Атырау облыстық ІІД бөлім бастығының орынбасары:

Заң талабына бағынбай, Жайық бойындағы бірінші өзек тұсына бұрыла қашып, мәжбүрлеп тоқтатылған болатын. Аталған қайықты тексеру барысында бекіре тұқымдас барлығы 44 келі болатын балық табылып, тәркіленді. Осы факт бойынша ҚР ҚК 335 бабының 3-ші бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу барысында.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ