Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Иранда тұратын Ауғанстан азаматы, ұлты қазақ Хәкім Назар «Біздің уақытқа» сұхбат берді

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1356
Иранда тұратын Ауғанстан азаматы, ұлты қазақ Хәкім Назар «Біздің уақытқа» сұхбат берді

Иранның Исфахан қаласында 30 шақты қазақ отбасы тұрады. Арасында Ауғанстанға Кеңес әскері кіргізілген уақытта бұрқ еткен соғыстан бас сауғалаған адамдар да бар. «Босқын» мәртебесін иеленгенімен, азаматтық құқықтары әбден шектелген. Сондай жандардың бірі - Хәкім Назардың айтуынша, «Ауғанстан азаматтары» саналатын олар жоғары білім ала алмайды, «жұмыс» дегенде тек қара жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет «түстеріне» де кірмейді, тіпті кәсіпкерлікпен де айналыса алмайды. Иранның ішінде рұқсатсыз бір қадам басуға рұқсат жоқ.

Иранда, мысалы, бір кафеде Ауғанстан азаматына істеуге құқығы жоқ. Егер кафеде ұстап алса, оған айып төлетеді, екінші рет ұстап алса, оның құжаттарын алып қояды. Фабрикаға жұмысқа алмайды оларды, фабрикада істегендер заңсыз істейді. Заңсыз істейді дегеніміз - қасында істеп жүрген Иран азаматының құқығы тең емес, оның жалақысы жоғары. Ауғанстандықтар - босқын мәртебесімен жүргендер, олар өте төмен ақшамен жұмыс істейді, айлықпен істейді ол жақта.

Амалдап Алматыға жеткен, Отанға оралудың жолдарын қарастырып жүрген - ал жалпы Иранда тұратын Ауғанстан азаматы, ұлты қазақ Хәкім Назардың сұхбатын ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріп, тыңдаңыздар.