Алматыда
автобустарға орнатылған электронды билет сату жүйесі жұмыс істеп тұрған жоқ.
Қалалық «Көлік холдингі» серіктестігінің мамандары бұған жүргізушілерді кінәлайды.
Рифат
Әбдіраманов, Алматы қаласы «Көлік
холдингі» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі:
Көлік
жүргізушілері терминалды әдейі өшіріп тастайды. Енді бұл жүйені
автоматтандырып, көлік от алған сәттен бастап іске қосылатындай етіп жасаймыз.
Сол кезде ешкім өшіре алмайды. Жұмысты жаңа жылға дейін толық аяқтаймыз деген
жоспар бар. Егер қоғамдық көліктер онлайн түрінде қадағаланатын болса,
электронды билет жүйесіне ешкім кедергі бола алмайды.
Еске
салайық, 1 қазаннан бастап Алматыдағы 200-ге жуық автобуста электронды билет
сату жүйесі қолданысқа енген. Мақсат - көлеңкелі қаражатқа шектеу қойып, түскен
қаржыға заманауи автобустар сатып алу. «Көлік холдингі» жыл аяғына дейін
Алматыдағы барлық автобустарға жаңа жүйе енгізуді жоспарлап отыр. Жоба жеке
инвесторлар арқылы жүзеге асырылуда. Дегенмен, жолаушылар әлі күнге дейін кондукторларға
жол ақы төлейтінін айтады.
Көрген
жоқпын қолданылып жатқанын. -Жұмыс істемей ме? -Жоқ, кондукторға не жүргізушіге береді ғой.
Кондукторларға
кәдімгі проезднойлармен жүрміз, ақша төлеп былай. Әзірге жапсырылып тұр
автобустарда, сондай шығады деген.
Самат
ҚАНАҒАТОВ