Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Отандық ғалымдар Қазақстан энциклопедиясын жаңартады

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1781
 Отандық ғалымдар Қазақстан энциклопедиясын жаңартады

Отандық ғалымдар Қазақстан энциклопедиясын жаңартпақшы. Оған қазақ даласының тарихи-мәдени ескерткіштері жайлы тың деректер енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Ұлы дала елі» экспедициясының мүшелері мәлімдеді. Зерттеушілер Қазақстанның шалғай жерлерін аралап, ежелгі кесенелер, ескерткіштер, тарихи тұлғалар жайында мәліметтер жинаған. Деректер олардың ұрпақтарының аузынан, жергілікті ақсақалдар мен ғалымдардан жазылып алыныпты. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл экспедиция Сарыарқа даласында бүгін аяқталды. Ол мәдени мұраларды көркейту арқылы ішкі туризмді дамытуды көздейді. Бір ай бойы қазақ даласын шарлаған тарихшылар, тарихқа қатысты бұрмаланған, бір-біріне кереғар ақпараттардың барын жоққа шығармайды. Зерттеушілер бұл проблемаларды шешу жайында тиісті министрліктерге ұсыныс жасамақшы. Ал, жаңартылған деректер мен суреттердің арнайы альбом-каталогы 9-қазанда жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Нұрбек Шаяхметов, ҚР Президенті жанындағы "қоғамдық келісім" РММ қызмет жетекшісі:

Зертттеуге тұрарлық мәселелерді, назардан тыс қалып келе жатқан бағыттарды шығарамыз деген ойымыз бар. Мысалы, Бұлан Ана кесенесі, қасиетті жер дейді. Бірақ неге? Ш.Уәлихановта, Ә.Марғұланда кездеседі. Әрі қарай жоқ.

 Айжан ҚУАШ