Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелге қашқан капиталды қайтаруға қауқарсыз

AstanaTV
29.09.2015ж. 20:00
1364
Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелге қашқан капиталды қайтаруға қауқарсыз

Қазақстан бюджет қаражатын қымқырып, шетел асып кеткендердің мүлкін тәркілей алмай отыр. Өйткені құзырлы органдардың тәжірибелері айтарлықтай үздік емес. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді. Ал ақшамен қашқандар құқық қорғаушылардың осы осал тұсына сенеді. Сондай-ақ олар көбіне өздерінің елде саяси қуғын көрген адам ретінде көрсетіп, амалдайтын көрінеді. Сондықтан осы тұрғыда Қазақстан шетелдік сарапшылардың көмегіне мұқтаж.

Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Шетелде тығылып жүрген қылмыскерлердің көбі сол елде өздерінің ақшаларын да жасырады. Және өздерінің қуғынға ұшырауынан саяси астар іздеп, көрсетеді. Осы қадам жауапкершіліктен құтылып кетудің бірден бір жолы ретінде кеңінен таралып отыр.

Ал шетелде бой тасалап жүрген экс-шенеуніктердің мүлкін тәркілеу бойынша қойған сұрағымызға бас прокурордың орынбасары нақты жауап бере алмады. Бір де бір фамилияны атамаған Андрей Кравченко шетелге қанша қаржы шығарылғанын және қанша капитал елге қайтарылғаны туралы да ақпарат бермеді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның қаржысын аса ірі көлемде ұрлап, шетелде тайраңдап жүргендердің қатарында БТА банкінің бұрынғы бастығы Мұхтар Әблязов пен Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов та бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ