Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1302
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Астанада люкс маркілі үйлену тойы кортежін тізгіндеп, жол ережелерін өрескел бұзғандар жауапқа тартылды. Бұл жайында қалалық ішкі істер департаментінің мамандары мәлімдеді. 9 адамға қатысты 29 әкімшілік протокол толтырылған. Құқық бұзушылардың 4-уі жүргізуші куәлігінен айырылды. Қалғандары айыппұл төлеумен құтылған сыңайлы.  Айта өтейік, 26 қыркүйек күні жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желілерге жүктелген болатын. Жас жұбайлар мінген кортежді видеоға түсіру мақсатымен "Мерседес-Бенц 500" маркілі екі авто кері бағытпен жүрсе, тағы бір көлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға Елорданың сол жағалаудағы Дінмұхаммед Қонаев көшесінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Лариса Красникова, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол-патурльдік полициясының инспекторлары жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Барлығы 9 адам ұсталды. Оларға 29 әкімшілік протокол толтырылды.  құқық бұзушылықтардың негізгілері  Әкімшілік кодексінің 596-бабы, 3-тармағына сай жолдың қарсы бетіне шығу, 596-бабтың, 2-тармағы бойынша "жол қатарларынан шығу", Кодекстің 595-бабы, 2-тармағы көлікті артымен жүргізу. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА