Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынға байланысты күнбағыс жинау науқаны басталмай жатыр

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1707
 Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынға байланысты күнбағыс жинау науқаны басталмай жатыр

Шығыс Қазақстан облысында қар араласқан жаңбыр жауып, күзгі жиым-терім науқанына кедергі келтіруде. Егер дәнді дақылдардан 100 мың гектардай жинау керек болса, күнбағысты жинауға шаруалар әлі кіріскен де жоқ. Олар жауынның ұзаққа созылуынан қауіптенеді, ал ол өз кезегінде өнімді шірітеді ма деп отыр.

Агроном Сергей Щербань техникаларды тексеріп жүр. Ал, комбайндар сап түзеген. Алайда диқандарға қол байлау болып тұрған, қолайсыз ауа-райы ғана. Ол алқапқа күніне бірнеше рет  келетінін, топырақ пен күнбағысты өзі тексеріп тұратынын айтады.

Сергей Щербань, майлы дақылдар тәжірибелік стансасының аграномы:

Күнбағыс тұқымы әлі де дымқыл. Құрғақ күнбағыстың қауызы жылдам ашылады. Бірақ сабағы  әлі де шикілеу, сондықтан комбайн жылдам жүрмейді. Сабағы жабысқақ  болғандықтан  ауа-райының жақсаруын күтеміз.  Ал тұқым келесі жыл үшін жақсы.

Бүгін бір техника алқапқа жіберілді. Алайда оның дөңгелегі аздап батпаққа батты. Егер ертең Күн қабағы ашылса, күнбағыс алқабына бірден алты комбайн жіберілуді жоспарлап қойған. Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасындағылар гектарынан 20 центнер  шекілдеуік жинап  өткен жылдың  рекордын қайталаймыз,- дейді. Шығыс Қазақстан облысы - майлы дақылдар егудің көшбасшысы.  500 мың гектар алқаптың 350 мыңына күнбағыс себіліп келеді.

Сергей Бутаков, ШҚО  ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Шаруашылықтарда барлық жағдайлар жасалған.  Техикамен жабдықталған.  Құрғататын агрегаттар  шаруашылықтарда да, элеваторларда да бар.

Күнбағыс - табысты кәсіп. Нарықта бір келі шекілдеуік сортына қарай 50 теңгеден 100 теңгеге дейін саудаланады.  Сондықтан диқандар мұны қар астында қалдырмақ емес.

 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ