Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

5 сағат ішінде халықтың 18 пайызы дауыс беріп үлгерді

AstanaTV
20.03.2016ж. 12:00
1527
5 сағат ішінде халықтың 18 пайызы дауыс беріп үлгерді

Сайлау тек саяси процесс емес, ол мерекелік көңіл-күй деуге толық негіз бар. Биылғы сайлау Наурыз думаны қарсаңына дәл түскендіктен, халықтың белсендігі де, көңіл-күйлері де жоғары. Орталық сайлау комиссиясы өңірлер белсенділігі туралы мәлімет таратты. Онымен бізді тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Алдоңғаров таныстырады. Азамат, ең белсенді өңір бәсекесі қалай болып жатыр?

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Иә, Ләйлә. Орталық сайлау комиссиясына сағат 10:00-де келіп түскен статистикалық мәліметтерге сәйкес, сайлау күнінің алғашқы бес сағатына Қазақстан халқының 18 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Дауыс беру белсендігі бойынша қазір өңірлер көш бастап тұр. Бірінші орында Қостанай облысы, жергілікті халықтың 24,85 пайызы таңдау жасады. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 24,31 пайыз. Үштікті 23,85 пайызбен Солтүстік Қазақстан қорытындылайды. Ал Астана халқының 20,65 пайызы дауыс берді. Әзірге белсенділігі төмен Алматы қаласы болып тұр. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев бізге сұхбат беруге дайын. Қазақстандықтардың бұл сайлаудағы белсенділігі қалай? Заңбұзушылықтар тіркелмеді ме?

Азамат Алдоңғаров,  тілші:

Өз мәліметтерін бізге ұсынған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев. Рахмет сізге. Ал мен еске салайын, бұл жолғы сайлау қатар өтіп жатқандықтан, Орталық сайлау комиссиясы жалпы саны 27 миллион 411 мыңнан астам бюллетень басып шығарды. Ал сайланатын депутаттарға келсек, Парламент Мәжілісіндегі 107 депутаттық мандаттың 98-і алты саяси партия ұсынған тізімдер бойынша партияның жинаған дауыс пайызына сәйкес бөлінеді. Ал қалған 9 депутат ҚХА атынан, ертең өтетін Ассамблея съезінде дауыс беру арқылы өзара анықталады. Ал жергілікті мәслихаттарға жалпы саны 3335 депутат сайланады. Оның ішінде 550 облыстық, 625 қалалық және 2160 аудандық деңгейдегі депутат бар. Сағат 1-де орыс тілді әріптесім Ботагөз Сарқұлова соңғы ақпараттармен хабардар етеді. Ләйлә, сөз кезегі өзіңде. 

Рахмет, Азамат. Біз сізді сағат 2-де соңғы мәліметтермен күтетін боламыз. Орталық сайлау комиссиясынан тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Азамат Алдоңғаров.