$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Шетелден келген байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді

AstanaTV
20.03.2016ж. 12:00
1864
Шетелден келген байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді

Түске дейін ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы саяси науқанды бақылауға алған шетелдік байқаушылар айтты.

Валех Алескеров, халықаралық байқаушы /Әзірбайжан/:

Мен жеке өз басым таңертеңнен бері 2 сайлау учаскесіне барып қайттым. Бір қуантарлығы, азаматтарыңыздың барлығы дауыс беруге құштар көрінді. Соңғы қорытындыны мамыр айында жіберетін боламыз.

Естеріңізге салайық, елдегі саяси науқанды шетелден келген 817 байқаушы бақылап отыр. Одан бөлек 147 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы сайлау туралы ақпарат таратып жатыр.

Құралай ПИОНЕР