$522.42 €543.89 ₽5.28
×

ОПЕК жиыны мұнай өндірісін төмендету бойынша ортақ шешімге келе алмады

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1362
ОПЕК жиыны мұнай өндірісін төмендету бойынша ортақ шешімге келе алмады

Қара алтын экспорттаушы елдер ұйымы мен ұйымға кірмейтін мемлекеттер мұнай өндірісін төмендету бойынша бір мәмілеге келе алмады. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Венада өткен ОПЕК жиынына қатысқан тараптар инвестициялар мен жаңа қазба орындары қысқаратынын айтып өтті. Бірақ нарықты тұрақтандыру үшін шара қабылдай алмады деп жазады ақпарат құралы. ОПЕК-ке мүше елдер кездесуге ұйымға кірмейтін сегіз елді шақырған болатын. Оның ішінде Қазақстан да болды. Біздің елдің атынан энергетика министрлігінің өкілі қатысты. Алайда, әзірге елге жете қоймаған. Бірақ ведомство  Астана мұнайдың баррелі 50, 40 доллар деген есепті негізге алып отырғанын хабарлады. Ал Венесуэланың мұнай өндірісі министрі әлемдік қара алтын құнын көтеру үшін бірқатар шара ұсынып, тиімді баға баррелі үшін 88 доллар деген ұсыныс айтты. Алайда ұйымға мүше бай-қуатты елдер мұнай өндірісінің көлемін төмендеткісі жоқ. Қара алтынды экспорттаушы алпауыт мемлекеттер өндіріс көлемін 4-ші желтоқсанда өтетін жоспарлы жиындарында тағы бір мәрте талқыламақ.

 А.ӘДЕПБАЙ