$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандының «Шахтер» футбол командасының бұрынғы жауапты хатшысы сотталды

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1033
Қарағандының «Шахтер» футбол командасының бұрынғы жауапты хатшысы сотталды

 Қарағандының «Шахтер» футбол командасының бұрынғы жауапты хатшысы Мансұр Қалиев 6 жылға сотталды. Мұндай үкімді қалалық  қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты кескен. Сот оны букмекерлік кеңселерге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды. Еске салсақ, өткен күзде кеншілер шаһарының букмекерлік мекемелеріне бірнеше мəрте шабуыл жасалған болатын. Қара бетперде киіп, қаруланған бұзақылар ойын орындарына баса көктеп кіріп, ақша талап еткен. Салдарынан 9 мекеме жапа шеккен. Қарақшыларды тек соңғы шабуыл кезінде ғана арнайы жедел əрекет ету қызметкерлері тоқтатты. Өзара атыс кезінде мергендер тонаушылардың бірін аяғынан жаралады. Ақыры ұсталған азамат тергеуге алынып, қылмыстық топты ұстап берген болатын. Ал, сот дерегіне сүйенсек, ол топты «Шахтер» футбол клубының бұрынғы баспасөз хатшысы Мансұр Қалиев басқарған. Оның құрамында тағы 3 адам болған. Оңай олжаға кенелмек болғандардың барлығы 3 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тəркіленді.