$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» балалар құқығын қорғау заңнамаларын жетілдіруді қатаң қолға алды

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1392
«Нұр Отан» балалар құқығын қорғау заңнамаларын жетілдіруді қатаң қолға алды

Биыл кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа тап болған фактілері 12 пайызға артқан. Сондай-ақ, бала саудасы тыйылмай тұр. Осы жылы шақалақ сатудың 39 фактісі  тіркеліп, бұл көрсеткіш екі есеге өсіп отыр. Ал, кәмелет жасқа толмаған 570 мектеп оқушысы жүкті болған. «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңнамалардың қолданылу тәжірибесі» тақырыбын талқылаған «Нұр Отан» партиясының Құқықтық кеңесінде балалар құқын қорғайтын заңды күшейту туралы бастама көтерілді. Отырысқа қатысқандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерін шешуде мемлекеттің де рөлін арттыру керек деп отыр.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің төрағасы:

 Біз назарымыздан тыс шығармай отырмыз бұл мәселелерді. Бұл енді біздің алғашқы шараларымыздың бірі. Бүгін мынау Білім министрлігіне бірсыпыра нұсқау бердік. Қоғамдық педагогтар солардың жұмысын дамыту көзделіп отыр себебі, жаңағы суицидке байланысты, зорлық-зомбылыққа байланысты, мынау жыныстық қатынастың ертерек құрылуы осының барлығын алдын алу жолдары бар.