Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Барак Обама әскери бюджет жайындағы заң жобасын мақұлдамады

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1090
Барак Обама әскери бюджет жайындағы заң жобасын мақұлдамады
 
АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ тасымалдауына рұқсат беретін заң жобасы бекітілмеді. Ақ үй басшысы Барак Обама 2016 жылға арналған әскери бюджет жобасын мақұлдамай тастады. Бұл жайында Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлады. 612 миллиард доллар қарастырылған бюджеттің 300 миллионы Украинаға әскери көмек беру үшін жұмсалмақ болған. Обама жобаны Конгресске кері қайтаратынын мәлімдеп, бюджетті қайта есептеу керектігін айтты. Ол ұлттық қауіпсіздік мәселесі мен елдің экономикасы да шет қалмауы керек деген пікірде. Ал 612 миллиардтық бюджет Украинаға ғана емес, Сирия оппозициясына да бөлінбек. Олардың әскери дайындығына АҚШ 600 миллион доллар қарастырып отыр. Тағы 715 миллон долларды ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күрес жүргізіп жатқан Ирак билігіне үлестірмек болды. Еске салсақ, тамыз айында Барак Обама Украинаға әскери қолдау көрсетіледі деп жария еткен. Ал, наурызда АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Петр Порошенкоға әскери бронды көліктер мен пилотсыз ұшақтармен қамтамасыз етеміз деп уәде берген болатын.



Алдыңғы жаңалық