$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Қырғызстан түрмесінен қашқан тоғыз экстремистің соңғысы ұсталды

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
1130
Қырғызстан түрмесінен қашқан тоғыз экстремистің соңғысы ұсталды

Қырғызстан түрмесінен қашқан соңғы экстермисті ұстау операциясы кезінде, арнайы жасақ қолынан 2 бейбіт тұрғын оққа ұшты. Бұл туралы Жазаны орындау мемлекеттік қызметі растады. Сондай ақ, операция барысында тағы бір офицер қаза болды. Тағы бірі жарақат алған. Содырды ұстау операциясы Бішкектегі «Достық» шалғай ауданындағы көп қабатты үйде болған. Пәтерлердің бірінде жасырынған сотталушыға террористік ұйым жақтасы мен Алтынбек Итибаевтың бұрынғы әйелі көмектескен. Тапанша мен Калашников автоматымен мұздай қаруланғандар милицияға қарулы қарсылық көрсеткен. Естеріңізге салайық, 10 күн бұрын түрмедегі 4 қарауылды өлтірген 9 сотталушы түрмеден қашты. Қолға түскен бесеудің үшеуі түрмеде қаза тапты. Қалғандары ұстау кезінде оққа ұшты. Экстермистер Бішкекте Рамазан айындағы айт намазы кезінде теракт жасамақ болғандары үшін өмір бойы бас бостандықтарынан айырылғандар.

 А.АЛДОНҒАРОВ