$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Астана-Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылған

AstanaTV
26.10.2015ж. 20:00
1024
«Астана-Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылған

Дәл қазір Астаналық «Барыс» Мәскеулік «Спартак» командасымен өз алаңында ойнап жатыр. Айта кетейік, бұл Барыстың бас бапкерлігіне қайта оралған Андрей Назаровтың басшылығымен өтіп жатқан алғашқы ойын. Ал, «Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан чемпионатының аяқталуына 2 тур қалғанда 3-ші орынға ие болып, Европа Лигасының кезекті маусымына қатысуға мүмкіндік алды. Ел чемпионаты аясында Астана клубы Алматылық «Қайраттан» басым түсті. Еске салсақ, Чемпиондар лигасының аясындағы «Астана» мен «Атлетико» ойыны үшінші қарашада Астана Аренада өтеді. Қазірдің өзінде бұл матчқа 17 мыңнан астам билет сатылып кеткен. Айта кетейік, Станимир Стойловтың командасы бірінші ойында 0:4 есебімен ұтылып қалған болатын.