Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжар тұрғындары бірқазан мен аққуды құтқарып алды

AstanaTV
27.10.2015ж. 20:00
3938
Қызылжар тұрғындары бірқазан мен аққуды құтқарып алды

Қызылжар тұрғындары бірқазан мен аққуды құтқарып қалды. Құстар жылы жаққа ұша алмай қалған көрінеді. Бұл аймаққа қыс ерте келгендіктен бірқазан мен аққу келесі жазға дейін ботаникалық бақта мекендейтін болады. Петропавл маңындағы көлден табылған бірқазанның қанаттары қатып қалған. Ал аққудың қанаты жараланып, бас сүйегі зақымданған екен. Жалпы, ботаникалық бақта мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Кішігірім зообаққа  былтыр  27 аққу әкелінген. Олардың басым бөлігі қолға үйреніп, осында қалады екен.

Евгений Мищенко, Петропавл қаласы Ботаникалық бағының мал дәрігері:

Бұларды тамақтандыруға қаржы керек. бірқазан күніне 3 келі балық жейді. Балықтың келісі 300 теңге. Демек, тәулігіне 900 теңге кетеді деген сөз. Ботаникалық бақтағы құстардың барлығын тамақтандыратын жағдай жоқ. Бұл үлкен проблемаға айналып отыр.