$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Атыраулық мұнайшылар да дауыс беріп жатыр

AstanaTV
20.03.2016ж. 12:00
2204
Атыраулық мұнайшылар да дауыс беріп жатыр

Атыраудағы ірі кәсіпорындар ауысымдық тәсілмен жұмыс істетін қызметкерлерінің дауыс беруі үшін арнайы шаралар ұйымдастырды. Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 9 жарымда, "Ембімұнайгаз" компаниясына қарасты "Прорва" мұнайшылары кен орнынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеніндегі нөмірі 104 сайлау учаскесіне келді. Оларға 5 автобус бөлінген. Бұл сайлау учаскесіндегі барлық сайлаушылардың саны  - 1152. Олардың тең жартысы мұнайшылар.

Асланбек Елешев, мұнай операторы:

Осы өндірісте 24 жылдан бері жасаймын. Осы сайлауда 5-6 рет қатысып жатырмын жұмыста жүріп.  

Гүлзира Исанова, Атырау облысындағы № 104 сайлау учаскесінің төрайымы:

70-тей сайлаушы - мұнайшы келді. 300-дей сайлаушымыз бар мұнайшылардан. Жалпы халықпен есептегенде, 200 сайлаушы дауыс берді. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ