$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ТМД елдері ішінде поезбен тегін жүреді

AstanaTV
25.04.2016ж. 20:00
1823
Ұлы Отан соғысының ардагерлері ТМД елдері ішінде поезбен тегін жүреді

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері ТМД елдері арқылы поезбен бір ай бойы тегін жүреді. Мамырдың 1-і мен 31 аралығында достастық елдердің ішкі бағыттарында ардагерлерден ақы алынбайды. «Қазақстан темір жолы» Ұлы жеңістің 71 жылдығына жыл сайынғы тартуын жасады.

«Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, ардагерлер купе және «Турист» санатындағы вагондар мен «Тұлпар-Тальгоның» арнайы вагондарына орналастырылады. Өткен жылы тегін жол жүру мүмкіндігін 600-ден астам ардегер пайдаланған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратынша, үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарындағы көрсеткіш бойынша елде ҰОС-ның 3 917 ардегері мен мүгедегі қалған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ