Қостанайлық дихандар «Азық-түлік келісім шарт» корпорациясына қарызын қайтармай отыр. Бүгінде олардың берешегі 1 миллиард 350 миллион теңгеден асқан. Өнімді жинап алған аймақ шаруалары қарыздан құтылуға асығар емес. Бұл жайында туралы «Азық-түлік келісім шарт» корпорациясы өкілдігінің директоры Мирас Төрежанов айтты. Өңір диқандары корпорация арқылы көктемде 6 миллиард 500 миллион теңге көлемінде төмен пайызбен несие алған. Қаражат облыстағы 1 мыңнан астам шаруаға бөлінген. Қазір несиенің 78 пайызы қайтарылды. Келісім-шарт талаптарын уақытылы орындамаған диқандар негізгі қарызбен қоса 10 пайыз үстемақы төлейді. Борышкерлер арасында 3 жылдан бері қарызын қайтармай жүргендер де бар болып шықты.
Мирас Төрежанов, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры:
Ертеңнен бастап күн сайынғы үстемақы 0,1 пайыз болады. Биыл біз бидайдың 4 классын да қабылдап жатырмыз.Сондықтан диқандар өз жағдайларына қарап тапсырып жатыр. Қазіргі 5 миллиард ақшаның 35-40 пайызы бидаймен қарызын қайтарды, басқасы ақшамен берді
З.САНАЙ