Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға қытайлық компаниялар 600 миллион доллар инвестиция құяды

AstanaTV
03.11.2015ж. 20:00
1050
«Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға қытайлық компаниялар 600 миллион доллар инвестиция құяды

«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын дамытуға Қытай компаниялары 600 миллион доллар инвестиция құюға ниетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы көлік логистикалық дамыту орталығы директорының орынбасары Әбдір-Рашид Сәкеновтің мәлімдеуінше, бұл қаражат логистиканы дамытуға және индустриялық аймаққа жұмсалады. Тікелей инвестицияны Цзянсу провинциясы бөледі. «Қытай шикізатты импорттауға мүдделі. Осы ретте Қазақстан аумағында бастапқы өңдеуден өткен шикізат қоймаларда қапталады. Мұнан соң аспан асты еліне жөнелтіледі», - деді Әбдір-Рашид Сәкенов.

Әбдір-Рашид Сәкенов, «Қазақстан темір жолы» ҰК көлік логистикасын дамыту орталығы директорының орынбасары:

Ол шикізаттың бір бөлшегі жаңағы индустриялық аймақта өңделіп, әрі қарай Қытайға жіберіледі. Бір бөлшегі логистикалық аймаққа сақталып, Қытай жағына да беріліп отырады. Енді Қытай жақтан қандай жүк келеді, десеңіз, көбінесе күнделікті пайдаланып отырған жүктер. Оның ішінде Қазақстанның импорты бар. Және Орта Азияның транзиті бар.  

Айта кетейік, «Қорғас» бекеті әзірге жекешелендіруге шығарылмайды. Әбді-Рашид Сәкеновтың сөзінше, активтерді сатылымға шығару үшін, алдымен құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс. "Осы себепті аталған  мəселе әлі көтерілген жоқ", - деді ол. 

Жұрағат БАМАН