Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қытайда жоғары лауазымды 22 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
03.11.2015ж. 20:00
730
Қытайда жоғары лауазымды 22 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қытайда жоғары лауазымды 22 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы партиялық органға сілтеме жасап, ТАСС  хабарлады.

Жемқорлық жасады деген күдікке ілінгендер қатарында жоғары шенді әскерилер де бар. Қытай үкіметі билік басындағылар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтіп келеді.

Еске салсақ, қазанның басында елдегі ірі мұнай өндіруші CNPC компаниясының басшысы Цзян Цзэминь 16 жылға бас бостандығынан айырылған. Мансабын пайдаланды, жемқорлық жасады, деп айыпталған Цзян Цзэминь, компанияны басқарған кезде 2,3 миллион доллар пара алғаны үшін, сотталды. 

Берік ХАСЕНОВ