$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Павлодарлық сәби көз жұмды

AstanaTV
05.02.2014ж. 13:00
1163
Павлодарлық сәби көз жұмды

Керекуде осыдан бір ай бұрын комаға түскен екі жасар сәби көз жұмды. Кішкентай Минсұлуды бүгін жақындары жер қойнына тапсырды. Оқиғаға байланысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр.

Айтуларынша, істің ақ-қарасын енді сот анықтауы қажет. Айға жуық бауыр еті баласының өмірі үшін күрескен Расима Шәкенова, арнамыздың тілшілеріне берген сұхбатында кінәлілерді жауапқа тартатынын айтты. Ол аудандық прокуратурадан істі жалғастыруды талап етпек. Қызы ауруханаға түскен күннен бастап ол құзырлы органға өтініш берген. Қамыққан ана бар жағдайға Минсұлуға клизма жасаған педиатр-дәрігерді кінәлаған.

Облыстық балалар ауруханасына Минсұлу алтыншы қаңтарда төртінші дәрежедегі комамен жеткізілді. Дәрігерлер балғынның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Тексеру барысында «миына су жиналды» деген диагноз қойылды. Ауруханада жатқанда бүлдіршіннің жүрегі үш рет тоқтап қалған. Сондықтан, тасымалдауға болмайтынын ескертіп, барлық ем-дом Павлодарда жалғасқан еді.

Гүлсара Тәмпишева, Павлодар облыстық Балалар ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары:

Бала өте ауыр жағдайда бізге түсті. Жан сақтау бөлімінде, барлық ем-шараны жүргіздік. Тіпті, республикалық клиникалардың мамандарымен де кеңесіп отырдық. Бірақ
, өкінішке орай, жағдай қайғылы аяқталды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ