$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Дубайға ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесіне келушілерден салық алынады

AstanaTV
04.02.2014ж. 13:00
1123
Дубайға ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесіне келушілерден салық алынады

31-ші наурыздан бастап Дубайда туристерден алым-салық алынады. Жиналған қаржыны билік ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстарына жұмсамақшы. Бұл жайлы Arabian Business басылымы хабарлайды.

Елге сапарлап келген туристер бір тәулік үшін 7-мен 20 дирхам аралығында немесе 2-ден 5,5 долларға дейінгі көлемде салық төлейді. Сондай-ақ, Дубай қонақ үйлерінде тұрақтағандар жеке байланыс телефоны үшін 10% салық төлеуге міндеттеледі.

Бұған дейін Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің бас командирі ЭКСПО көрмесіне орай инфрақұрылым тартуға 6,5 миллиард еуро қажет екенін мәлімдеген.

Айтуынша, қомақты қаржының көбін үкімет пен шетелдік инвесторлар төлейді. Ал, қалған қаражат туристтік салықтардан түседі, деді ол.

Айта өтейік, бүгінде елде бас-аяғы 600-ден астам қонақ үй бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА