АҚШ-та ақ түтек боран салдарынан
миллиондаған адам жарықсыз қалды.
Күн-райының күрт бұзылуынан, әсіресе
Пенсильвания, Нью-Джерси мен Мэриленд аймақтары зардап шекті. Пенсильвания губернаторы Том Корбетт штатта
төтенше жағдай жариялады. Бораннан келген қиындықтарды жоюға жедел қызмет
түгелдей жұмылдырылды. Соңғы тәулікте АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 сантиметр
қар түскен.
Синоптиктер демалыс күндер де жауын-шашынды болады деп
болжауда. Биыл, АҚШ-та қыс шынымен қаһарлы болды. Көптеген аймақтардағы үскірік
аяздар біраз жылдан бергі рекордтарды жаңартты.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА