Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайдағы түзеу мекемесі маңындағы тұрғындар ұялы байланыстан қағылды

AstanaTV
11.02.2014ж. 10:00
1318
Қостанайдағы түзеу мекемесі маңындағы тұрғындар ұялы байланыстан қағылды

Қостанайдағы нөмірі 161-де 2 түзеу мекемесі маңындағы тұрғындар ұялы байланыс қызметін қолдана алмай отыр. Түрмеге байланыс дабылын басатын қондырғы орнатылған соң, осы келеңсіздікке тап болған.

Осы төңіректе тұратын Балапан Омарова байланыс сапасының тым нашарлап кеткенін айтады. Үйде немере бағып отырған зейнеткер жұмыстағы келінімен күні бойы тілдесе ала алмаймын деп шағымданды.

Балапан Омарова, қала тұрғыны:

Немеремді бағып отырған зейнеткермін. Балаларым маған хабарласа алмайды. Мен балаларыммен сөйлесе алмай, қиын болып тұр осы байланыс.

Түзеу мекемесі басшылығы байланыс дабылын басатын қондырғы екі жыл бұрын орнатылғанын айтты. Арнайы құрылғыны Өскемен қаласының серіктестігі орнатқан. Тұрғындардың шағымы бойынша серіктестік өкілдері оның радиусын бірнеше мәрте төмендетіпті. "Егер тағы да өзгеріс енгізетін болсақ, ұялы байланыс қызметі жазасын өтеушілерге қолжетімді болмақ", - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері.

Тимур Қасымов, Қостанай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі:

Қондырғының күшін азайтатын болсақ, онда зонадағы сотталғандардың басқа азамат тұлғалармен байланыс арқылы сөйлесуі арта түседі. Және де көптеген қылмыстарды жасауға, алаяқтық жасауы өсе түспек.

Заңғар САНАЙ


Алдыңғы жаңалық