Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Петропавлда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс облыстық конференциясы өтті

AstanaTV
10.02.2014ж. 20:00
1148
Петропавлда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс облыстық конференциясы өтті

Елбасы Жолдауын іске асыруда «Нұр Отан» партиясының рөлі қандай? Петропавлда партияның кезектен тыс облыстық конференциясы өтті. Жиында партия мүшелері Жолдау жүктеген міндеттерді талқылап, алдағы бағыт-бағдарды айқындады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым "ел болашағы - жастардың қолында" екенін айтып отырады. Биылғы Жолдауда білім саласына үлкен мән берілген. Елбасы бұл бағытта бірқатар міндеттер жүктеді. Мәселен, бүлдіршіндер мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылу керек. Екі ауысым бойынша оқыту жүйесіне көшу және білім ошақтарын заманауи технологиялармен қамтамыз ету жайы баса айтылды. "Білімді ұрпақты қалыптастыруда әсіресе соңғысының әсері мол",- деп санайды мектеп директоры.


Гүлнәр Таласбаева, Петропавл қалалық №7 орта мектептің директоры, "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі:


Ұстаздар жаңа технологияларды қолдана отыра, білім сапасын арттыру. Бұл мәселе бойынша ғаламторды қолданып, қазіргі кезде жаңа технологияларды қолдануда. 2013 жылдың соңында осы №7 орта мектебінде 50 электронды оқу жүйесі енгізілді. Қазіргі кезде ұстаздар көптеген жұмыстарды атқарып жатыр, әлі де алда көптеген жұмыстар күтіп отыр.


Абзал ҚҰРМАНКИН