$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Президент ЭКСПО көрмесіне дейін Астанадағы қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1505
Президент ЭКСПО көрмесіне дейін Астанадағы қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды

ЭКСПО көрмесі кезінде 3 ай бойы өтетін мәдени бағдарламаны Қазақстан өз күшімен өткізеді. Президенттің төрағалығымен Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті. «Қалада кептелістер қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін» деген Елбасы мәселені шешуді тапсырды. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесін жылдам енгізу қажет деді. Президент сондай-ақ жауын-шашыннан соң Астана көшелерінің айдын көлге айналатынын айтып, мұндай келеңсіздіктерді түбегейлі жоюды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қалада салынған жол сапасын тексеретін арнайы зертxана жоқ. Содан жыл сайын жолдар бүлініп жатыр. Неге зертxана жоқ? Басты себептердің бірі - қалада су арықтары жоқ. Мына суретті қараңыз. Мынау қай қалада, Астанада ма, әлде өзге жерде ме? Келесі суретті көрсетіңдер. Міне, мынау Тайланд па?! Республиканың ақшасына 130 теxника сатып алынып, суды сорады. Осы қаражатты су арықтарына, кәріз жүйелеріне жұмсау керек еді. 

ЭКСПО көрмесіне барлығы 5 миллион адам келеді деп жоспарланған. Оның 85 пайызы қазақстандықтар болмақ. Ал қазір ауқымды шара өтетін көрме құрылысы алаңында 10 мың құрылысшы жұмыс істеп жатыр.  

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА