Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт түлік малдың етін өңдеу 2,5 есеге артады

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
2316
Оңтүстік Қазақстан облысында төрт түлік малдың етін өңдеу 2,5 есеге артады

Шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында мал етін халықаралық деңгейде өңдейтін ірі зауыт ашылады. Бұл отандық мал өнімдерін экспортқа шығаруға үлкен мүмкіндік бермек. Бұл туралы аймақ әкімі Бейбіт Атамқұлов «100 нақты қадам - ұлт жоспарының» орындалуы туралы өткен брифингте айтты.

Биыл өңірде құс етін өңдеу көлемін төрт есеге арттыру мақсаты тұр. Сондықтан үш бірдей құс өсіру кешенін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, екі ет өңдеу комбинатын іске қосып, ірі және ұсақ мал етін өңдеуді екі  жарым есеге арттырамыз, - деді өңір басшысы.

Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Аталған өндірістерді іске қосу - облыстың ет өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Иран елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Көрші мемлекеттерге экспортқа шығу үшін заманауи осы әлемге сай жабдығымен сондай завод салуымыз керек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ