Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан 2 млрд квт/с электр қуатын экспорттамақ

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1365
Қазақстан 2 млрд квт/с электр қуатын экспорттамақ

Қазақстан алғаш рет Қырғызстанға электр қуатын экспорттайтын болды. Сөйтіп, көрші елге биыл 218 млн киловатт сағат жарық жеткізу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Энерго» басқармасы төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. Бұған дейін, керісінше, елге Қырғызстан электр қуаты импортталып келген еді.

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Бүгінге дейін біз 53 млн киловатт сағатты жеткізіп қойдық. Бұған дейін, білесіздер, Қырғызстан Қазақстанға электроэнергияны сатып келген еді. Енді, міне, біз де нарыққа сатушы ретінде шығып отырмыз. Сауда ақшалай жасалады. Сондықтан оны тура бизнес деуге болады. Қырғыз-қазақ шекарасында тариф бағасы 9 теңгеден делінген. Әрине, оны КЕГОК бекіткен. Диспетчерлік жұмысты КЕГОК пен Екібастұздағы ГРЭС-1 станциясы атқарады.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» дерегінше, Қазақстан 2016 жылы Ресейге де электр қуатын экспорттамақ. Ол шамамен 1 млрд 800 млн киловатт сағат. Оның бағасы күнделікті бекіткен келісімге сәйкес болмақ.

Құралай ПИОНЕР