Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 6 банк 30 млрд теңге алды

AstanaTV
28.04.2016ж. 20:00
1527
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 6 банк 30 млрд теңге алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бүгінде дейін 6 банк 30 млрд теңге алып үлгерген. Бұл туралы "Астана" арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламаға 30 банк қатысады. Оның алтауына қаражат бөлінген.

Еске салайық, экономиканы сауықтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,4 трлн теңге бөлу жайлы бастама көтерілген. Оның 200 млрд теңгесі, ұлттық холдингтер арқылы бизнесті несиелеу үшін, банктерге беріледі.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

Өткен апта соңындағы мәліметке сай, үш жақты келісімшатқа отырған 6 банк зейнетақы қорынан 30 млрд теңге алды. Бағдарламаның іске асуын Даму қоры бақылайды. Елімізде жұмыс істейтін 35 коммерциялық банктің 30-ы бағдарлама талаптарына сай келіп тұр. Қалған бесеуі қатыспайды. Өйткені бұған дейін зейнетақы қорынан алған қаражат көлемі жалпы капиталдың 250 пайызынан артық немесе несие рейтингі төмен. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс істемейді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ