$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Малайзия құлап бара жатқан ұшақты көргенін хабарлаған

AstanaTV
13.03.2014ж. 10:00
1450
Малайзия құлап бара жатқан ұшақты көргенін хабарлаған

Із-түзсіз жоғалып кеткен «Бойнг-777» ұшағы апатқа ұшырауы мүмкін. Вьетнам жағалауында орналасқан мұнай компанияларының бірінің қызметкері құлап бара жатқан ұшақты көргенін хабарлаған.

Майкл Джером Маккей есімді азамат Малайзия билігіне электронды хат жіберіп, апаттың куәгері болғанын айтқан. Оның сөзінше, ұшақ әуеде жартылай жанып құлаған. Бірақ бұл көрініс тек 10-15 секундқа созылыпты. Бұдан соң ұшақ куәгердің көзінен ғайып болған. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр.

Куала-Лумпур қаласынан Бейжіңге бағыт алған «Малэйжн Эйр Лайнс» компаниясының «Боинг 777» ұшағы 8 наурызда әуеге көтеріліп, 19-шы минутта жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болды. Жолаушылар қатарында 14 елдің азаматы бар. Іздеу операциясы әлі жалғасуда. Оған Индонезия, Австралия, Қытай, Таиланд, Сингапур, Вьетнам, АҚШ, Үндістан және Жапония құтқарушылары ат салысып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


)