Ақтөбелік жас спортшылар
халықаралық жарыстарда көршілес Қырғызстанның намысын қорғаймыз деп отыр. Спорттың
у-шу түрімен айналысатын өрендердің мұндай қадамға баруына әділетсіздік себеп
болған.
Соңғы ел біріншілігі қорытындысы
бойынша 11 спортшы таңдалып алынып, Түркияға сапар шегуі тиіс болатын. Ақтау қаласында
жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында 12 жастағы Арыстан Оразов
топ жарып, 3 алтын медальге ие болған. Бірақ ұлттық құрама сапынан тыс қалады.
Жас спортшы үшін бұл жаңалық жай түскендей болған.
Арыстан Оразов:
Көңілім қалды. Бірақ
у-шумен айналыса берем. Маған ұнайды бұл спорт.
Спортшының айтуынша, Қазақстанның
у-шу федерациясы Арыстан Оразовтың дайындығын нашар деп бағалаған. Ата-анасы болса, Макаода
өткен әлем біріншілігінде үздік бестіктен орын алғанын алға тартады. Жүлделі
сайыстарда төккен терге әділетсіздік жасалды. Енді шындықты шетелден іздеуден
басқа амал қалмады, - дейді спортшы.
Светлана Трайзе, А.Оразовтың бапкері:
Бізге Қырғызстан хабарласып отыр. Спортшыларымыздың
болашағы бар, талантты екенін біледі. Солардың атынан шығуымызды ұсынды. Біз әрине, өз еліміздің намысын қорғағымыз келеді.
Бірақ жарыстарға жібермесе, өзге елдің атынан шығуға мәжбүрміз.
Қанат ОРАЛБЕК