Қызылордада қантардың 24-і күні із-түзсіз жоғалып кеткен полиция
қызметкерінің мәйіті табылды.
Марқұмның туыстарының арызына байланысты қолға алынған жедел-тергеу жұмыстары нәтиже берді. 28-ші қантарда
тергеушілер күдіктінің ізіне түскен. Облыстық ішкі істер департаменті тергеу
басқармасы бастығының айтуынша, күдікті
ішкі істер саласында қызмет атқарған. Оны тергеу барысында жоғалған полицейдің
мәйіті жатқан жер анықталды. Қазір
жан-жақты сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеуді Ішкі істер департаменті мен облыстық
прокуратура бірлесіп жүргізуде.
Мұрат Мұхтаров, Қызылорда облысы ІІД тергеу басқармасының
бастығы:
96-бабының 1-бөлігі, яғни қасақана кісі өлтіру бабы. Яғни
бұл жерде адам ертен сотқа барған кезде 6 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айырылуы мүмкін.
Шарипа САҚТАПОВА