Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Несие алғандардың ай сайынғы төлемі табыстың 50%-нан аспау керек

AstanaTV
06.03.2014ж. 13:00
1113
Несие алғандардың ай сайынғы төлемі табыстың 50%-нан аспау керек

Несиенің ай сайынғы төлем мөлшері қарыз алушы табысының 50%-нан аспауы тиіс. Ұлттық Банк барлық коммерциялық банктерге осындай талап қойды. Қаулы бүгін ресми түрде жарияланды.

Егер несие алушының төлемі орташа табыстың жартысынан асып кетсе, кез келген банк несие беруден бас тартуы керек. «Қаржы мекемелері арқылы жүзеге асатын кейбір шараларға шек қою туралы» Қаулыға сәйкес, қарыз жүктемесінің ең жоғарғы шегі 0,5-ке тең. Бұл коэффициент - ай сайын төленетін орташа соманың әлі өтелмеген қарызы мен соңғы алты айда тапқан табысына байланысты есептеледі. Егер қарыз алушының коэффициенті тиісті межеден асып кетсе, «банк қарыз бермейді, несие желісін ашпайды». Бірақ, мұның бұған дейін ашылған несие желілеріне қатысы жоқ. Қаулы 2014-жылдың 1-сәуірінен бастап күшіне енеді.

Сымбат МОЛДАТАЙ

Алдыңғы жаңалық