$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдағы зейнетақы алудағы келеңсіздік расталмады

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
1061
Оралдағы зейнетақы алудағы келеңсіздік расталмады

Бүгін Оралдағы жергілікті сайттардың бірінде зейнеткерлер зейнетақысын толық алмады деген ақпар тарады. Батыс Қазақстандық екі қария зейнетақысының кемігенін байқапты. Қалған қаржыны банк қызметкерлері кейіндеу алуға кеңес береді. Осыған орай түс ауа мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы түсінік берді. Олардың сөзінше, зейнеткерге мемлекеттен төленетін ақша базалық, негізгі және алушы азаматтың мәртебесіне қарай берілетін жәрдемақы сынды бірнеше бөліктен құралады. Ол бөліктер бірден емес, кезең-кезеңімен түседі. Мысалы, базалық бөлігі таңертең, негізгісі кешке қарай түсуі мүмкін. Бұл автоматты түрде орын алатын жәйт.

Зейнетақы төлеу орталығы басшылары зейнетақының кешіктірілуі соңғы он жылда мүлдем болмағанын айтады. Қазір Батыс Қазақстанда 176 мыңға жуық зейнеткер бар.


Асқар Қожымов, БҚО мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының директоры:


Қариялардың зейнетақысы 4 наурыз күні түсуі керек еді. Бірақ зейнетақының бөлшектері бір мезетте емес, араға уақыт салып, кешігіп аударылған. Жарты сағаттан кейін зейнетақының қалған бөлігі түсті. Негізі біздің қариялар шамамен қай уақытта келу керек екенін өздері біледі.


Еркін ҚАРИН