Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әйелдер мерекесіне орай Керекулік билік ғасыр жасаған ананы құттықтады

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
1351
Әйелдер мерекесіне орай Керекулік билік ғасыр жасаған ананы құттықтады

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бүгін Керекулік билік қарияларға құрмет көрсетті. Алдымен ғасыр жасаған ананы құттықтап шықты. Жалпы, Павлодар қаласында 100-ден асқан жүзден аса қария бар, оның алтауы - әже. Жергілікті әкімдіктің бұл ықыласына қариялар дән риза.

Қамаш әже 1912 жылы Май ауданында дүниеге келген. Тарихтағы талай зобалаңның куәгері. 12 құрсақ көтерген қария, қазір 16 немере мен 30-ға жуық шөберенің шарапатын көріп отыр. Кейуана бүгін ерекше қуанышты. Немерелерінің айтуынша, облыс әкімі келеді дегенді естіп балаша қуанған. Тіпті сандықтағы әдемі көйлегін алдырып киіп, дастархан жайдыртыпты.


Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:


Мықты болыңыз. Ауырмаңыз. Алла тағала тағы да біраз жыл берсін. Өмір берсін.


Құдай қайырлы болсын, балалар бақытты болсын. Жұмыстары жемісті болсын. Тілектері қабыл болсын. Бәріне жақсылық тілеймін.


Жергілікті биліктің қошеметіне бөленген жанның бірі - Елена Савун. Ол саналы өмірін медицина саласына арнапты. Соғысқа дейін фельдшер боп еңбек еткен. Бірақ, 41-дің жазында майданға аттанған. Ленинградтағы 113-ші атқыштар полкінде жүріп, аға лейтенант дәрежесіне дейін көтерілгенін мақтанышпен айтады.


Елена Савун, Ұлы Отан соғысының ардагері:


Мен өзім адамдарға көмектескенді ұнатамын. Әсіресе, менен жәрдем күткен жандарға шынайы қол ұшын беруге дайынмын. Сондықтан да, медицинаға бардым.


Павлодар өңірінде ғасыр жасаған қариялар саусақпен санарлық. Мәселен, аймақта жүз жасаған 24 қария бар. Ал қалада 15 қарт болса, оның 6-ы 8 наурыз мерекесін асыға күтеді.


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ