$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Петропавлда 11 елікті заңсыз атып алған браконьер құрықталды

AstanaTV
12.03.2014ж. 13:00
1261
Петропавлда 11 елікті заңсыз атып алған браконьер құрықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 11 елікті атқан браконьер ұсталды. Бұл жайында арнамызға, табиғатты қорғау полициясының инспекторы хабарлады.

Қаскөй Аққайың ауданындағы айрықша қорғалатын табиғи аймақтағы жануарларға қырғидай тиген. Полицейлер оны арнайы тексеріс барысында, қылмыс үстінде құрықтаған. Браконьер қорықты қарда жүйткитін көлікпен кезіп, он алтыншы калибрлі аңшы мылтығын пайдаланыпты.

Тексере келе, белгілі болғандай, қаскүнемде жануарларды ату түгіл, қару ұстайтын рұқсаты да жоқ болып шыққан. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 1 мың 500-дей табиғатты қорғау заңын бұзу дерегі тіркелген.

Алмат Дүйсекин, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бөлім ннспекторы:

Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 280-бабы бойынша іс қозғалды. Ұсталғандар ҚР іс жүргізу кодексінің 102-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Абзал ҚҰРМАНКИН