$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысының бұрынғы әкімі 23 млн теңге жымқырғаны үшін айыпталуда

AstanaTV
12.03.2014ж. 13:00
674
Павлодар облысының бұрынғы әкімі 23 млн теңге жымқырғаны үшін айыпталуда

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның тұтқындалуына қатысты жаңа деректер шықты. Қаржы полициясы бұрынғы өңір басшысы қандай істерге қатысты тергеліп жатқанын жариялады.

Арын облыстық әкімшілік пен «ENRC Kazakhstan» компаниясы арасында былтыр жасалған өзара серіктестік меморандумы шеңберінде Керекуді абаттандыруға демеушілік көмек ретінде бөлінген 23 миллион теңгені жымқырды деп айыпталуда.

Бұдан бөлек, құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алу байқауларында жеңіске жету үшін пара алу деректері бойынша да айып тағылуда.

Айта өтейік, алтыншы наурызда Арын сот санкциясымен қамауға алынды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА