Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Өзге пікір» айдары

AstanaTV
30.04.2016ж. 20:00
2226
«Өзге пікір» айдары

Қазір Марат Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары. 

Бейнеролик: Ресейдегі коллекторлар

Бұл бандиттер емес, банктің қарызын қайтарушы ресейлік коллекторлар.  Енді Қазақстанда  да коллекторлардың жұмысы қыза түседі. Қарызға белшеден батқандарға қыл бұрау салады ма, қайтеді? Депуттатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Бұған сәлден соң тоқталамыз. 

1. Қайран «Құралай»...

Ассалаумағалейкүм! Интернетте тарап кеткен мына  сурет еліміздегі ең ірі зообақтағы тағы бір былықтың бетін ашты. Алматыдағы хайуанттар бағындағы ұрғашы жолбарыс – Құралай хәл үстінде. Тордағы жолбарыстың өлімші күйін көріп, жүрегі езілмеген жан кемде-кем. Құралайдан басқа тағы бір жолбарыс дірдек қағып, өз құйрығын тістелей береді екен, Түлкі де  табанын мүжіп тастаған. Ақ аюдың басында томпақ ісік бар, тістері де ауырады. Мұның барлығын  «Алматы зообағына көмек» қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы Раимбек Баталов баспасөз мәслихатында жайып салды. Жұрттың өре түрегелуіне жаралы Құралайдың суретінің тарап кетуі түрткі болды. Сорақысы, зообақ басшылығы  қар барыстарының өлімін жасырғандары сияқты шимпанзенің өлгенін де бүгіп қалған.  Фейсбукте белгілі актер Нұртас Адамай «СОС Куралай» хештігімен жазбаларды қарша боратты. Мыңдаған адам бөлісті де.  Бірақ, ветеринарлар Құралайды құтқару кеш екенін айтады.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100001777018125&fref=ts (Нұртас Адамбайдың Фейсбуктегі парақшасы)

Azamat Buteyev  Құралай - ол сенің халқың, Нұртас!

Нұрлан Байтөре Зообақтан кейін, балалар үйі, қарттар үйін де тексеру керек. Олар да көмекке зәру. Әкімдікке шағымданбай, өзіміз көмек көрсетейік.

Aibek Bazarkulov Жолбарысты зоопарк директорымен бірге ұйықтатып, жанын тыныштандыру керек.

Анара Бексұлтанова  Хайуанаттарға бөлінген қаражат оларға бұйырмайды.  Балалар 400, үлкендер 700 теңге төлеп кіреді. Қайда сол ақшалар? Барыстарды өлтіріп, терісін сатып жіберді. Оңбағандар!

Daniyar Kerimbaev Не деген басшылар? Халыққа да, малға да, хайуанға да ие бола алмайды!

Гулмира Қайырбаева Түсінікті емес пе, біздің «қайраткерлер» сол жерге жаңа нысан салуды көздейді. Олардың қолынан базарларды өртеп, хайуанаттарды өлтіру ғана келеді.

2. Тақырып: Қарызды қайтаруға коллектор кіріседі...

Марат Ерназарұлы – жүргізуші:  «Қарыз күліп кіріп, жылап қайтады». Банктер осыдан қажыса керек. Бүгінде 1 млн адам қарызын өтемей қашып жүр, дейді. Бұл дерек кепілсіз, қолма-қол беретін несиеге қатысты. Қордаланған қарызды қайтару үшін, Ұлттық банк коллекторлар қызметіне жүгінбекші. Бұдан былай банктер несие 90 күнде өтелмесе, бас қатырмайды, қарызды қайтаруды бірден коллекторлық агенттіктерге тапсырады.  Депутат Мұхтар Тінікеев құжаттың тұсаукесерінде ресейлік коллекторларды еске салған. Олардың сыйқын жаңа көрсеттік.¤ Ал,¤ Ұлттық банк басшылығы  «Біздің коллекторлық компанияларда ұр да, жықтар емес, адам жанын ұғатын психологтар жұмыс істейді" дейді.  Депутаттар банк несиені қайтару жолдарын жеңілдетсе, борышкер «ақша үшін, тағдырын тәлкек етпейді» деп ойлайды. 

https://tengrinews.kz/private_finance/svoyu-karmu-dengi-marat-deputatyi-dostupnosti-potrebitelskih-293508/

Саша: Банк жақсы бизнес. Салық төлеушілердің ақшасын аласың да, қыруар пайыз қосып өздеріне бересің.

Роман:  Тәлкек? Мұны депутаттар айтады ма? Мойнында несиесі бар бір депутатты көрсетіңізші? Бізге де жақсы жалақы төлесе, біз де тағдырымызды тәлкек етпейміз.

Еркiн: Адамдар, несие алмаңдар. Пайызбен ақша алғандарды Алла берекеден айырады. Одан да түк сатып алмай, тыныш өмір сүргендерің жөн. 

Сәуле: Несие берер алдында банк тұтынушының төлем қабілетін тексеру керек. Қарыз қайтармаса, банк кінәлі. Жұмыс істеу керек. Халықты алдап, тонағанша.

Азамат: Мен коллекторлармен сөйлескенде, қалта телефонымдағы диктофонды қосып қоямын.

Аноним: Коллекторлар не үшін керек? Банктерде борышкерлермен жұмыс істейтін арнайы департаменттер бар. Ал коллекторлардың қандай тәсілмен қарызды өндіретіні түсінікті.

Студияда жүргізуші: Коллектор «ізіңізге» түспесін. Ал «Өзге пікір» бізге керек. Жалықпаңыз, жазып тұрыңыз!