$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Біздің сұхбат»

AstanaTV
30.04.2016ж. 20:00
3254
 «Біздің сұхбат»

Қолдан жасалған, жасанды идеология әйнек сияқты. Қатты зат тисе, күл-талқаны шығады. Анық, ақиқат басқа. Мысалы, боямасыз достық, достасушы тараптардың сөзінен емес, ісінен көрінеді... Қазақстан халқы ассамблеясының осы аптада өткен кезекті сессиясында ассамблея төрағасының бір орынбасары болып өзбектердің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының құрметті төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты болған Розақұл Халмұрадов тағайындалды. Розақұл ақсақалмен біздің сұхбат.

Айзада Төребекқызы, тілші: Қазақ тілін үйрену бойынша өзге ұлт өкілдеріне қандай кеңес берер едіңіз?

Розақұл Халмұрадов, ҚХА төрағасының орынбасары:

Бүгінгі күнде біздің елімізде  қазақ тілін үйренем деген адамға , қазақ тілінде сөйлеймін деген адамға барлық  жағдай жасалған. Сөздіктер бар, аудармалар да, ақпараттық құралдар да, барлық  оқытатын орталықтар да ашылған. Соның бәріне кім тіл үйренем десе  барлық жағдай бар. Бірақ , тілге деген  қажеттіктілік жеткілікті болмай тұр. Тілді білу үшін бірінші тілді отбасында үйрету керек.  Қай ұлттың өкілі болсын  осы Қазақстанда өмір сүретін болса , Қазақстанның байлығымен, Қазақстанның  жерімен, Қазақстанның халқымен бірге  өмір сүрем деген адам отбасынан бастап өзінің баласына мемлекеттік  тілді үйрету керек.

Айзада Төребекқызы, тілші: Ал қазақша білгісі келмейтін қазақтарға не айтар едіңіз?

Розақұл Халмұрадов, ҚХА төрағасының орынбасары:

Мен мына Парламенттің депутаты болып жүргенде көп  жүрдік, елдер аралап жүрдік. Сонда вокзалда ма, немесе әуежайда  ма, кездесіп қалсаң жас-жұбайлар баласымен  орысша сөйлесіп тұрады.  Мен шыдай алмаймын сондай кезде. - Әй,сен өзің боларың болыпты. Енді балаңа қиянат  жасамасаңдаршы, қазақша сөйлесеңдерші бұлармен.Үйретсеңдерші бұларды - соны айтудан мен талмаймын.

Парламентте де өзімнің әріптестерімді  тіпті жағаласуға да кейбір кезде баруға тура келеді.  Орыс депутат қазақ министрге қазақшалап сұрақ  береді, ал қазақ министр орысшалап жауап беретіндер де болып жатыр. Ал енді олар енді ана тілін білмесе  мен «анама қиянат жасадым» деп бағалап, соған жараса жұмыс істеуге де болар еді.

Айзада Төребекқызы, тілші:  Қазақ тілін шын мемлекеттік тіл ету үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Розақұл Халмұрадов, ҚХА төрағасының орынбасары:

  Көп нәрсенің қажеті жоқ.  мына осы біз  Парламенттің 4-ші,5-ші шақырылымдарында 2000 жылдан кейін, әсіресе 2005-ші жылдан кейін,  осы мемлекеттік тіл қазақ тіліне, жалпы тілдерді дамытуға  республикалық бюджеттен  5-6 млрд-қа дейін ақша бөлініп отырды.  Соның арқасында әр халыққа әдістемелік құралдар шығарылды.Басқа бір мемлекетті мемлекеттік тілді дамытуға мұнша  қамқорлық жасалмайды.  Ал енді соны аяғына жеткізу үшін ,сол қазақ тілін  төрге шығару үшін екі-ақ мәселе керек.

1.Соған қажеттілік тудыру керек. Ол үшін  мемлекеттік қызметші , айтайық Парламенттің депутаттары, үкімет мүшелері барлығы саяси қызметшілерден бастап  мемлекеттік тілді білетін азаматтар  болуы керек.Міне солар мемлекеттік тілде сөйлесе, қалған халықтың бәрі өзі мемлекеттік тілде сөйлеп кетеді.

2.Сонан кейін қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізу керек, сол мемлекеттік қызмет туралы заң, тіл туралы заңға . «Мемлекеттік қызметке, Парламенттің  депутаттықтарына  мемлекетік тілді білетін азаматтар сайланады» деген. Содан кейін бір емес , жарты жылдан кейін барлық қалаушы , мемлекеттік қызметкер болам деген өз-өзінен тілді сөйлеп кететін болады. Міне, сонда біздің тіліміз төрге шығатын болады. Босағада  сығалап тұрмайтын болады.

Мен осы мәселені жалғастыратын боламын. Мемлекетік тіл қазақ тілі өзінің  мәртебесіне сай орын алмағанша мен  бұл мәселені қоймаймын, қай жерде жүрсем де, қай жұмыста істеп жүрсем де. Екінші мәселе бірлік мәселесі - Елдің бірлігі, татулығы.

Бүгінгі күнде мына әзір жаһандану заманында қай елде тыныштық  болса, қай елде бірлік, татулық болса  қаржы инвестициясы сол жерге келеді.  Бұл деген сөз экономика дамиды. Бұл деген сөз біздің салығымыз көбейеді,  бұл деген сөз халықтың тұрмыс жағдайы жақсарады.  Міне, осы мәселемен елдің бірлігі татулығы жөнінде мен осы уақытқа дейін де айтып келгем, бұдан кейін де аянбай осы мәселе үшін де жұмыс істеймін.

 Айзада Төребекқызы, тілші:   Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет! Сәттілік!