Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Герольд Бельгерге арналған музей ашылды

AstanaTV
30.04.2016ж. 20:00
2155
Герольд Бельгерге арналған музей ашылды

Қазақтар ол кісіні Гер-аға дейді. Мәңгілік мекенге кетіп қалса да, солай болып қалады. Қаламгердің тұжырымдары, байламдары, пікірлері және азаматтық позициясы оны ұлттың арлы азаматы атандырды.

Осы аптада Қызылжарда Герольд Бельгердің мұражайы ашылды. Жан-тәнімен қазақ халқын сүйген неміс ұлына  мұндай құрмет көрсетуге жергілікті гуманитарлық колледждің мұғалімдері ұйытқы болды. Ұстаздар Гер-ағаның жеке заттарын екі ай бойы іздестірген. Тіпті балалық шағы өткен Ыбырай ауылына барып, дүниелерді көрші, жора-жолдастарынан жинаған. Ал 86 жәдігерді жазушының жұбайы беріп жіберіпті. Мұражайда қойылған жүз елуден астам экспонат Герольд Бельгердің қаршадайынан бастап, ақсақал кезіне дейінгі өмірінің куәсі.

Ақнұр Базарбекова, мұражай жетекшісі:

 Екінші елім Германия болса, бірінші елді осы Ыбырай ауылы дейді. Өзінің шығармашылықтарында жазғандай, 150 пайыз мен қазақпын дейді. Мұражай осы күйінде қалмайды. Біз сабақ өткіземіз мұражай кабинетінде және де өзінің шығармашылықтарын келесі ұрпаққа үлгі ретінде әрі қарай дамыта береміз.

«Қазақтар ана тілінен басқа кез-келген тілді тез үйрене алады», «Қазақ тіліне қауіп қазақтардың өзінен» деп «сойып» салған, қазақтың тілін кейбір қазақтан артық қастерлеген Гер-ағаны қалай қадірлемейсің...

ФОТО – «Адай қызының» суреті

Ол мына суреттегідей қазақтардың жоғалғанына күйген сияқты көрінеді –бойжеткеннің  сұлулығы, тәкаппарлығы, табиғи болмысы қандай көркем, қандай терең!

20-ғасырдың алғашқы ширегінде  Мелков есімді орыс этнографы түсірген сурет. Ал осы аптада әлеуметтік желілердің бірінде қыздар мен келіншектер, тіпті ер кісілер тыржалаңаш дерлік суреттерін жариялады. Олардың мақсаты мен неге олай жасағандарын талдағым да келмейді. Анығы, қоғамда бір-бірімен қабыспайтын, айырмашылық жер мен көктей, су мен оттай сана, болмыс бар...

«Біздің уақытты» «astanatv.kz»сайтынан көріп, оқи аласыздар. Аман болыңыздар!