$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскеменде браконьерлерден 2 тонна балық тәркіленді

AstanaTV
18.03.2014ж. 13:00
991
Өскеменде браконьерлерден 2 тонна балық тәркіленді

Омск-Майқапшағай тас жолында екі тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді. Өскемен қаласының азаматы жүк көлігіне көксерке, шортан сынды бағалы балықтарды толтырып тиеп алған жерінен қолға түсті. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 1852 келіні құраған. Мемлекетке келген шығын 533 мың теңге көлемінде.

Тексере келе, ауланған балықтарға рұқсат қағаздар мен ешбір жолқұжаттар болмағаны белгілі болыпты. Қазір аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, балықтардың қашан, қай көлден ауланғандығы анықталып жатыр.

Мәулен Қанатбаев, Зайсан-Ертіс аймақаралық балық инспекциясының басшысы:

Аулауға рұқсат қағаздары берілмеген балық тәркіленді. Қашан, қай көлден ауланғаны белгісіз. Іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қанат ОРАЛБЕК