$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Отандық мамандарды оқыту міндетін орындамаған инвесткомпаниялардың қарызы үш миллиард теңгеге жеткен

AstanaTV
19.03.2014ж. 10:00
1471
Отандық мамандарды оқыту міндетін орындамаған инвесткомпаниялардың қарызы үш миллиард теңгеге жеткен

Соңғы бес жылда отандық мамандарды оқыту міндетін орындамаған инвесткомпаниялардың қарызы үш миллиард теңгеге жеткен. Құзырлы мекеме бүгін олардың тізімін жариялады. Қытайлық CNPC компаниясы көш басында. Өткен жылы мұнай-газ мамандығын меңгеру үшін студенттерді оқытуға отыз сегіз жарым миллиард теңге қаралған.

Сондай-ақ, инвесткомпаниялар игере алмаған қаражатты министрлік қажетті мамандарды әзірлеуге аударған. Дегенмен, шетелдік жұмыс беруші де жергілікті оқу орындары да  білікті маман дайындауға құлықсыз. Нәтиже "әдемі" есеп беруден әрі аспай отыр, дейді сарапшылар. Сондықтан, мұнай-газ саласында жыл сайын елімізге шет елден 10-15 мың жұмысшы тартылады.

Жан Нұрбеков, "CLOUD SERVICE" ЖШС бөлімінің директоры:

Компаниялар оқу-орындарын беталды таңдай салады. Ал ондағылар білікті маман даярлай алмайды. Біз "неліктен шет елдік қызметке жүгінесіз?" деп сұрасақ, "тиісті маман жоқ" дейсіздер. Келісім-шарт жасасқанда, сіздерден сапалы білім беретін оқу орындарын таңдауды өтінеміз. Кәсіби маман жоқ деп қол қусырғанша, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағаласаңыздар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ