Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте жас ана бірден төрт сәбиді дүние әкелді

AstanaTV
18.03.2014ж. 20:00
1117
Шымкентте жас ана бірден төрт сәбиді дүние әкелді

Шымкентте жас ана бірден төрт сәбиді дүние әкелді. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент аулының 28 жастағы тұрғыны 3 қыз, 1 ұлды болды. 


Рабиай Шерметова, төртемнің анасы:


Екі айдан асқан кезде білдік екіқабат екенімді. Содан УЗИ-ге түскенде айтты, бірден бірінші барғанда айтты төрт бала. -Қандай күйде болдыңыз? -Естігенде қуандым. Менің кішкене балам болған еді. Содан жеті жыл көтерген жоқпын. Міне құдай берем десе...


Төртем ұлыстың ұлы күні қарсаңында, ота арқылы дүниеге келді. Нәрестелердің салмағы бар болғаны 1 келі 200 грамм мен 1 келі 590 грамм аралығында. Ай-күнінен бұрын туған сәбилер арнайы бокстарда жетіліп жатыр. Қазіргі таңда шақалақтар күтімнің екінші сатысында. Дәрігерлер ана мен сәбилердің  денсаулықтары жақсы дейді. Рабиайдың өзі нәрестелерге Фатима, Хасан, Зухра және Захро деп есім берген. Екіншісін күтіп жүрген отбасыда бала саны бірден бесеуге жетті. Айта кетейік,  үлкен отбасының мүшелерін толықтыра түскен төртемге баспана беру мәселесі де қазір қаралып жатқан сияқты.


Салтанат Жабағиева, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:


Нәрестелердің күтімі жөнінен облыс әкімінің тарапынан аудандық әкімшілікке тапсырма беріліп отыр. Әлеуметтік көмек көрсетілу мәселесі қазіргі таңда қаралуда және нәрестелерге күтім шыққаннан кейінгі кезеңде аудандық емхана тарапынан аймақтық дәрігер, аймақтық  мейірбике тарапынан күтім жүргізіледі. Балаларға әлеуметтік қызметкер тарапынан да көмек көрсетіледі.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ